18-02-2019

 

Қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны №18 «Балдырған» балабақшасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 2 тарау 5 тармағы негізінде Қамқоршылық кеңесін қалыптастыру және оның құрамын құру туралы ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.


Қамқоршылық кеңес балабақшаның дамуына ықпал ету және материалдық базасын күшейту мақсатында құрылады.


Қамқоршылық қоғамдық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері шақырылады.


Ұсыныстар хабарлама шыққаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылданады.


Электрондық почта:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Байланыс телефондары: 8(7122) 251611, 250828, 305197