Тақырыбы: «Ойнайық та сақтанайық!»

Мақсаты: Қыс мезгіліндегі  балалардың  ойын кезіндегі әрекеттеріне назар аудара отырып, қауіпсіздік  ережесін сақтауларын үйрету. Қауіп қатер кезіндегі бала бойына салқын қандылықты,сабырлықты,өз ісіңе, өз әрекетіне тез болжам жасай білуді баулу. Табиғаттың қолайсыз  жағдайында мұз үстінде қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, өзен көл айналасына бармауды түсіндіру. Балалар өміріне келетін қауіпсіздікті балаларға ұғындыру. Өз өміріңе және айналасындағылардың өміріне жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, көрініс құралдары, дидактикалық материалдар.

Әдіс тәсілдері:сұрақ- жауап, жұмбақтар, слайд көру,әңгімелесу,түсіндіру,ойын,көрініс, қорытындылау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біздер өте қызықты тақырыпты ұйымдастырылған оқу  қызметі  өтетін боламыз. Бірақ, ең алдымен сіздер менің сұрақтарыма жауап берулеріңіз керек.

  • Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі
  • Қыс мезгілінің белгілері қандай? Боран соғады, аяз болады, мұз қатып,қар жауады және  т.б.
  • Ал, қыста балалар қандай ойындар ойналады? Аққала соғады, мұзда сырғанайды т.б.
  • Балалар, туып өскен жеріміз Атырауда қандай өзен бар? Жайық өзені.
  • Қыс мезгілінде өзен қалай өзгереді? Қатады, мұзға айналады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Сендер барлық сұраққа дұрыс жауап бердіңдер. Ал, мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын. Шешуің кім табады екен?

 

  1. Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/

  1. Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады. (қар)

  1. Тісі жоқ тістеп алады,

Қолы жоқ сурет салады. (аяз)

 

 

Балалар, қыс мезгілінде күннің салқын болуына байланысты өзен көлдердің бетін мұз жабады екен. Бұл табиғаттың ерекше құбылысы. Енді жылдың қай мезгілі болса да, қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн. Балалар назарларыңды тақтаға аударыңдаршы. Біз қыс мезгілінде қауіпсіздік ережесін қалай сақтауымыз керек, әсіресе мұз үстінде.

Залға Төтенше жағдай қызметкері болып балабақша педагогі келеді. 

(Слайд  бойынша әрбір суретке түсініктеме беріледі.)

Дидактикалық ойын: «Қаршаларды кім тез құрастырады?»

Шарты: Конвертке салынған қиындылардан тез қарша бейнесін құрастыру. 

Мақсаты: Балалардың зейінділігі мен шапшаңдықпен тез құрастыруға үйрету. 

Маман: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін мен сіздерге өте бір жауапты іспен келіп отырмын. Мен бүгін сендерге мұз үстіндегі қауіпсіздік туралы әңгіме қозғағым келіп отыр. Балалар, сіздер білесіздер ғой, біздің қаламызда қар жауғанмен тез еріп кетеді.Бұл табиғаттың заңдылығы, Жайық өзені әдемі табиғаттың сыйы болғанымен одан келетін қауіп қатерде үлкен. Қай күнде де балалар сендер ересек адамдардың ақылдарын тыңдауларын керек . Олардың нұсқаулықтарын бұлжытпай орындауларың керек. Ауа райы жылы болғанда, өзен бетіндегі мұз жұқарады. Аяз соққанда, қалыңдай бастайды. Кейде ересек адамдардың өздері де қауіпті жағдайда болады. Сондықтан  мұз үстіне ауа райы қолайсыз жағдайда бармауға тырысыңыздар.

Көрініс: Екі бала шаңғымен өзен бетінде сырғанап жүреді. Оларға қарама қарсы төтенше жағдай комитетінің маманы тап болады.

Маман: Балалар,сендер мұз үстінде кіммен жүрсіңдер? Ата аналарың бар ма қастарында?  Мұздың беті жұқа, сіздерге ойнауға болмайды.

Балалар жауабы: Біздер өздеріміз ойнауға келіп едік.  Ата анамыз жұмыста.

Маман: Ересек адамсыз балалар мұз бетіне түсуге  болмайды және бүгін ауа райы жылы, мұздың беті жұқарды. Шаңғыларыңды қолдарыңа алып менімен бірге жағалауға жүріңдер. Міне, көрдіңдер ме, жағалауда арнайы белгілер бар. Мұқият назар салып, қараңдар.Достарыңа да айта жүріңдер.

Тәрбиеші: Балалар, көрдіңдер ме, бүгінгі келген қонағымыз бізге қауіпсіздік туралы көптеген мағлұмат берді. Біз қонағымызға рахмет айтайық. Қош, сау болыңыз!

 Қорытынды: Балалар, кім айтар екен, бүгін біз сіздермен не туралы әңгімелестік?

Мұз үстіне ересек адамсыз баруға бола ма екен?

Бүгінгі білгендеріңізді, өздеріңнің бауырларыңызға, достарыңызға айта барыңыздар. Қауіпсіздік ережесін сақтайық! Ойнайық,ойнайық, ойнасақта сақтанайық!

 

 

КМҚК №18 «Балдырған» бөбекжай-бақшасы

 

 

Төтенше жағдайлар: «Мұз үстіндегі қауіпсіздік»

Тақырыбы: «Ойнайық та сақтанайық!»

 

 

Дайындаған: №5 «Қарлығаш»ересектер тобы

жоғары санатты тәрбиешісі Аубекерова А.Н

 

 

2019-2020 оқу жылы