Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:  «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: «Махаббат періштесі»

Мақсаты: Сөзбен    істі  бағалай білуге   үйрету, өзге адамға деген  жылы сөзін білдіруге, ынта    ы-қыласын дамыту, үлкенге қамқар бола отырып, кішіпейілдік таныта білуді үйрету.

Әдіс- тәсілдер:   Сұхбат,түсіндіру, әңгіме,ойын, жаттығу.

Керекті құралдар: Интерактивті тақта, қағаздар, түрлі бояулар, қолсебет,үлкен  жүрек, түрлі- түсті жұлдызшалар,сыйқырлы таяқ, құты.

Армандайық :   Біздің  топта  ұл  қыздар,

                           Тату тәтті ойнаймыз.

                           Сыйластықпен өмір  сүріп,

                           Теек жақсылық  ойлаймыз.

                           Амансың   ба,  алтын   күн  "

                           Амансың  ба,  көк  аспан 

                           Амансың ба  достарым

                           Сендерді  көрсем  қуанам

Балалар  енді  жайғасып отырайық. Маған    назар  сала  отырып,  өздеріңді  сиқыршымын  деп елестетіңдерші.Басқа  адамдардың  барлығы  дерлік сіздерді жақсы  көреді екен.Олар өздерінің сіздерге деген сүйіспеншіліктерін қандай  сөздермен жеткізеді екен.Соны  ойлап қараңдаршы.

Кім  айтар екен  сол сөздерді сіздер қалай  елестетіңдер.  Сол  сиқырлы  сөздерді  мен мына  құтыға  құймын.Маған  бұл  құтыны  Махаббат  періштесі  сыйға  тартты,  қараңдаршы, бұл әдемі де  ерекше  ыдыс. Әзірше  ол бос.Ал  оны  біз  сіздер  айтқан  махаббат  тамшыларымен және ойларымен толтыра  аламыз .Ал махаббат тамшылары дегеніміз  ол біздің жақсы ойларымыз. Ал періште  біздің толтырған  тамшыларымызды , яғни  ойларымызды  біліп отырады екен. Егер көңіліміз абырқау болса  ,біздің періштеміз   көңілімізді  көтеруге , тілегімізді  орындауға уәде берді. Олай болса  біз осы құтыны  сыйқырлы сөзбен толтырайық. Ортаға махаббат періште болып келеді . 

Періште;Балалар бір балабақшаларда өздерінде ,достарында  туыстарында жақсы көрмейтін балалар бар екен.Мен  олар туралы естіп, ойлап қатты  мұңайдым.Сенбесеңіздер қараңдаршы, менің сиқырлы  таяғым  нені көрсетеді екен.( деп таяқшасымен тақтаны түртеді. Осы кезде тақтаға  бірінің артынан бірі жағдаяттар көріне бастайды.

1: Жағдай      Бір  қария  болыпты.Ол таяғына  сүйеніп, ақсап  жүреді  екен. Жүруі  үшін  жиі  жиі  тоқтап  дем  алады  екен. Ал  ақсақалдың   өзімен  бірге  екі   немересі  тұрады  екен. Олар   қарияның  жүрісін  салып,  келеке   етіп,  күледі  екен.

Сұрақтар:        -Екі  бала   туралы   не   айтар   едіңдер

                         -Олар  өздерін   жақсы   көреме

                         -Олар   ақсақалды   сыйлай   ма

                         -Егер олар   қарияны  сыйласа   ,  не  істер  еді

2: Жағдай       Демалыс  орнында   адамдар  көп.Орындардың  бәрі  бос  емес.Сәуле босаған   орынға тез  барып  отырып  алды.Сәуле  отырғанына мәз,  музыка  тыңдап,  тіпті  риза  болғандықтан    қасындағыларға    мән  бермеді.Оның   қасына  қолында  ауыр  жүгі  бар  анасы  келді.  Сәуле  анасына  да  мән  бермей  далаға  қарады.

 Сұрақтар:     -Қыздың  орнында  не істер  едіңдер 

                       -Қалай  ойлайсыңдар,қыз  өзінің  анасын  сыйлады  ма,  жақсы       

                        көреме

3: Жағдай       Дастан  өзіне  сыйлаған ойыншықты  балабақшаға  алып  келіпті.Бәріне  көрсетсе де  ешкімге   ойнауға  бермепті.

  Сұрақтар:   Осындай  бала  туралы  не  айтар  едіңдер.(Балалар   ойлары )

Тәрбиеші  Балалар   әр  адам  өзінің  жақындары    мен  туыстарын  жақсы  көру үшін,  оны  да  біреудің  сүйіп  құрметтегені  өте  маңызды. Біз  бүгін  махаббат  туралы  өзімізді  қоршағанның бәріне  махаббат сыйлаудың қаншалықты маңызды екенін білеміз. Әйгілі  қазақ ақыны Мағжан  Жұмабаев  былай  деген   «Кімде – кім  өзін сүйсе, туыстарын  сүйсе,  өз  елін  сүйсе  әсіресе  адам   баласына   бауырым  деп  білсе,сол  адамды  ізгі  адам деп  атаймыз». Балалар  бәріміз  де  ізгі  адам  болуға  тырысайық.

 

-Күнді  жақсы  көретіндер орын  ауыстырыңдар

-Күлгенді  ұнататындар  орын  ауыстырыңдар

-Атасы мен  әжесін  жақсы  көретіндер   орын ауыстырыңдар

-Ата анасын жақсы көретіндер орын ауыстырыңдар

Өзінің балабақшасын жақсы көретіндер орын ауыстырыңдар

-Достарын жақсы көретіндер орын ауыстырыңдар

Балалар бізді ғажайып сыйлық күтіп тұр екен. Бұл не өзі  Себет екен.     Себеттің ішінен не көріп тұрсыңдар

-Шынымен бұл ерекше себет екен.Мұның ішіндегі жұлдызшаларға  қараңдаршы, олардың  түстері алуан түрлі.Балалар бұл  махаббаттың құлпырғаны әлемі  тәрізді.

Қызыл түсті жұлдызшалар –достарымызға деген махббат,

қызыл-сары жұлдызшалар-отбасын  деген махаббат,

сары жұлдызшалар-күнге деген махаббат,

жасыл жұлдызшалар- табиғатқа деген махаббат,

көгілдір жұлдызшалар-отанға деген махаббат,

күлгін жұлдызшалар-өзіңе деген махаббат  деп  түсіндіреді.

Махаббат әр түрлі болады. Ол әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Олай  болса біз барлығын жақсы көреміз  сондықтанда осы жұлдызшалардан шашу шашайық.Шашуды шашпастан бұрын қос алақандағы жұлдызшаларға сыбырлап , кейін жайлап, соңында әндетіп былай дейміз.

-Біз  бәрін  жақсы  көреміз.(Жұлдызшалардан  шашу шашылады)

Шығармашылық  тапсырма    Балалар енді өз  қиял-ойларың бойынша қағазға сурет салып өз махаббаттарыңды  үлкен жүрекке жапсырамыз.                             (Суреттерін орналастырады)  Балалар қазір біз сіздермен ойнаймыз.

 

 

Ойын:  «Ерке есім»

Шарты:  Балалар бәріміз күнді айналып тұрамыз. Бір көбелек ұшып жүріп  бір баланың үстіне қонады. Сол баланың есімін еркелетіп айтамыз. Мысалы-Аида –Айдажан және (ойын ойналады).

Жүректен  жүрекке шеңбері

«Мейірімді    сиқыршы»

Балалар шеңбер жасап отырады. Тәрбиеші ертегі айтады  «Бі алыс елде қайырымсыз сиқыршы  болыпты.Ол  адамдарды кез келген  жаман сөзбен сиқырлай алады екен. Оның сиқырлап тастаған бала  не қуана , не қайырылымдық жасай алмайды екен.Ондай бақытсыз  балаларды тек сүйкімді ат қою арқылы немесе жақсы  тілек айту арқылы мейірімсіз сиқыршыдан құтқаруға болады екен.Енді тілектерімізді айтып жүрекшені  сүйіп бір бірімізге жалғастырайық.

Қортынды:  Сіздерді жақсы көріп, үнемі қамқорлап жүретін адамдарға ризашылығымызды білдіріп, оларды сыйлап, мейірімді  болайық балалар.

 

КМҚК №18 «Балдырған» бөбекжай – бақшасы                                                      

 

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»    ҰОҚ:  «Өзін-өзі тану» 

Тақырыбы: «Махаббат періштесі»

 

 

Дайындаған: №5 «Қарлығаш» ересектер тобы   

жоғары санатты тәрбиешісі Аубекерова А.Н

 

 

2019-2020 оқу жылы

 

Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі он күндік апталығының ашылуы

 

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Өзін-өзі тану»

«Жақсылық жасай білеміз» №13 «Бәйшешек» ересек тобы

 

Білім сайысы «Жаным толы жақсылық» Білім сайысы

 

«Менің сүйікті отбасым» тақырыбында балалардың сурет және қолөнер көрмесі

 

«Сүйіспеншілік – өмір негізі» педагогтармен ашық шара

 

Театрландырылған қойылым «Шалқан» , «Қолғап» ертегілерін  сахналау.

 «Шалқан» ертегісі

« Жұлдыз» ортаңғы топ.